Еңбек- береке бастауы
N122 орта мектепте Еңбек күніне орай «Еңбек- береке бастауы» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары «Балдиқан» ЖШС қырманына барып, жұмысшы мамандық иелерімен кездесу өтті.
«Балдиқан» ЖШС төрағасы Е.Махамбет қазіргі таңда күріш жинау науқаны жүріп жатқан айтып, жұмысшы маман иелерінің еңбегі жайлы сөз қозғады.
Оқушылар маман иелеріне сұрақ қойды.
Кездесу барысында жұмысшы мамандық иелері өз мамандықтарының қиындығы мен қызықшылығымен бөлісті.
#Еңбеккүні
#Кездесу
#Жұмысшымамандық
Еңбек адамы-ел мақтанышы
«Еңбек- ер атандырады» демекші N122 орта мектепте ауыл шаруашылы ғының көрнекті қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ. Еспановтың 95 жылдығына орай «Еңбек адамы- ел мақтанышы» атты еңбек ардагерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге 8-9 сынып оқушылары қатысты.
Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығында еңбек еткен ардагерлер Рспанбетов Барбол және Әбләмитов Жармабай ағайлар еңбектің адам өмірі екендігін және сол арқылы адамды тәрбиелейтіндігі, қуаныш пен бақыт сыйлайтындығы, өмір сүруге шақыратын үміт екендігін айта келіп, оқушыларды адал еңбек етуге, еңбекті сүюге, белгілі бір кәсіпті таңдауға шақырды.
Еңбек ардагері Рспанбетов Барбол- «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, Жалағаш ауданының құрметті ардагері медалімен, еңбек ардагері Әбләмитов Жармабай- «Еңбек үздігі» медалімен , облыс әкімі Н.Нәлібаевтың Құрмет грамотасымен марапатталған.
Кездесу барысында оқушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, ардагерлер ел игілігі жолында атқарған қызметтері жайлы айтты.
Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» дегендей кездесуді мектеп директоры Г.Нуратаева қорытындылап, еңбек ардагерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мектеп әкімшілігі атынан Алғыс хаттар табыстады.
Ел мақтанышы- еңбек ардагерін құрметтеу- жас ұрпақтың басты парызы.
#Еңбекардагері
#122мектеп
#кәсібибағдар
Еңбек галереясы
N122 орта мектепте Еңбек күніне орай «Еңбек галереясы» тақырыбында кітапханашы З. Даниярова фотокөрме ұйымдастырды.
Мақсаты- оқушыларды еңбек адамымен таныстырып, адал еңбекке тәрбиелеу.
#Еңбеккүні
#Еңбекгалереясы
Еңбек галереясы
N122 орта мектепте Еңбек күніне орай «Еңбек галереясы» тақырыбында кітапханашы З. Даниярова фотокөрме ұйымдастырды.
Мақсаты- оқушыларды еңбек адамымен таныстырып, адал еңбекке тәрбиелеу.
#Еңбеккүні
#Еңбекгалереясы
ЕҢБЕК КҮНІ
Ерболатова Гүлмира Нұртазақызы
- 01. 1968 жыл
Қызылорда облысының білім басқармасының
Жалағаш аудандық білім бөлімінің « №122 орта мектебі» КММ – сі
Білімі: Жоғары, Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институт
Мамандығы: биология пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 35 жыл
Санаты:
Педагог — зерттеуші 2023 жыл;
1993-2021 жылдары жаратылыстану пән бірлестігінің жетекшісі;
Шәкірттері Қазақстанның әр қаласында жұмыс жасауда.
Оспанова Гүлжайна Атайбекқызы- Алматы қаласында Әмирмед ғылыми зерттеу институтында оториноларингология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымының магистрі;
Аяпов Уалихан- Алматы қаласында қалалық поликлиникада рентгенеологы, медицина ғылымының магистрі;
Тәуіпбай Дидар-Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фотосанитарлық диагоностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік филиалында энтомолог, магистр;
Бақбергенова Айгүл Жұпарбайқызы- қалалық поликлиникада дәрігер;
Феруза Рақымқызы- педагог-психолог, БҰҰ-ның балалар қоры ЮНИСЕФ-тің ұлттық мастар тренері, «Білім» қорының координаторы, магистрант;
Кішкенбай Элмира-Алматы қаласы Қазақ ұлттық қыздар университетінде коммерцияландыру бөлімінің маманы, биология пәні мұғалімі;
Шілдебай Ақниет- Қызылорда қаласының «Шуақ-Орда» жеке балабақшасы мекемесі филиалының меңгерушісі қызметін атқарады.
#Еңбекүні
#Адалазамат
#Адалеңбек
ЕҢБЕК КҮНІ
Шилдебаева Ляйла Алпысбайқызы
- 11. 1966 жыл
Қызылорда облысының білім басқармасының
Жалағаш аудандық білім бөлімінің « №122 орта мектебі» КММ – сі
Қызметі: Мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары
Білімі: Жоғары, Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институт
Мамандығы: бастауыш сынып және орыс тілі пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 35 жыл
Қызмет бойынша (мектеп директорының орынбасары)- 19 жыл;
Санаты:
Педагог — зерттеуші 2020 жыл;
Екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары – 2024 жыл;
Марапаттаулары:
ҚР Білім және ғылым Министрінің «Алғыс хат» — 2020 жыл,
Аудандық «Үздік тәрбие ұйымдастырушысы» байқауында «Ізденімпаз-ұйымдастырушы» номинациясы 2007 жыл,
Аудандық «Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-2009» байқауында «Үздік ұйымдастырушы» номинациясы,
Мектептегі тәрбие жүйесінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында «Үздік тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары-2013» байқауында 3 орын,
Аула клубы жетекшілерінің аудандық «Үздік жетекші» байқауында «Үздік жетекші» номинациясы 1-дәрежелі Диплом 2008 жыл;
Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты ұйымдастырған «Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагогтың қызметін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинарда үздік баяндама Алғыс хат 2010 жыл;
«Ерлік даңқы өшпейді айлығы қорытындыланды» мақаласы «Жалағаш жаршысы» газеті 12.05.2010 жыл;
Аудан әкімінің Алғыс хаты 2011 жыл;
«Мектеп- рухани қазына орталығы» мақаласы «Жалағаш жаршысы» газеті 12.11.2011 жыл;
«Ел сенімі — жастар» мақаласы «Жалағаш жаршысы» газеті 2012 жыл;
«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру- маңызды мәселе» мақаласы «Жалағаш жаршысы» газеті 26.16.2011 жыл;
«Ер ерлігін ұрпақтары ұлықтады» мақаласы «Жалағаш жаршысы» газеті 2015 жыл;
«Жігерлі ұрпақтың жолы ашық» мақаласы «Жалағаш жаршысы» газеті 28.02.2017 жыл;
Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты ұйымдастырған «Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік- педагогикалық қызметтті ұйымдастыру жолдары » тақырыбында облыстық семинардың материалдар жинағы 2012 жыл;
«ХІІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына «Жасөспірімдер арасында тұлғалық қақтығыстарды ұтымды шешу және алдын алу» мақаласы, Алғыс хат 2013 жыл;
«Лидер образования» медалі 2013 жыл;
«Сынып жетекшісінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі бағыттары» мақала «Өрлеу» орталығы 24 бет 2014 жыл;
«Тарих.Демография.Педагогика» ғылыми-практикалық конференциясы мақалалар жинағы «Құқық әлемі» элективті курсы 5-6 сыныптарға арналған 90 бет 2014 жыл;
1-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары «Зерде» конкурсында математика бағыты 4 сынып оқушысы Тұрақбай Ақнұр аудандық кезеңінде 1 орын, облыстық кезеңінде 3 орын Диплом 2020 жыл;
8-11 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары «Дарын» конкурсында тіл бағыты 9 сынып оқушысы Шатбек Бекзат аудандық кезеңінде 2орын, Диплом 2019 жыл;
8-11 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары «Дарын» конкурсында 9 сынып оқушысы Шатбек Бекзат аудандық кезеңінде 3орын, Диплом 2021 жыл;
Аудандық семинарда «Оқушылар мен мұғалімдер арасында ЖИТС-тің алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстар» баяндама 16 наурыз 2012 жыл;
«Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру негіздері» аудандық семинарында «Сынып жетекшінің негізгі іс-қағаздары» баяндама 26 қаңтар 2015 жыл;
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ұйымдарының тәрбиелеу жұйесін басқарудағы жаңа ұстанымдар» Қызылорда облысының білім басқармасының тамыз педагогикалық кеңесі аясында «Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметін жетілдірудегі қолайсыз отбасындағы балаларды есепке алу алгоритмі бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, сынып жетекшілерімен байланыстағы жұмыстары» баяндама 2018 жыл;
Облыстық вебинарда «Оқу-тәрбие жұмысында ХХІ ғасыр дағдыларын кіріктіру. Өзін-өзі реттеу және метатаным» баяндама, сертификат 2020 жыл;
Облыстық вебинарда «Тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиедегі ұстанымдар» баяндама 12 наурыз 2021 жыл;
Аудандық тәрбие орынбасарларының бірлестік отырысында «Тәрбиелік орта: құндылыққа бағдар және үздік тәжірибелер» жұмыс көрсеткені үшін сертификат 2022 жыл;
Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы 2017 жыл;
Қызылорда облыстық полиция департаменті Есірткіге қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының Алғыс хаты, Диплом , Диплом 3 орын 2019 жыл;
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың Алғыс хат 2018 жыл;
аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты 2018 жыл;
«Нұр отан» партиясы облыстық филилы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова Алғыс хат;
Аудан әкімінің Алғыс хаты 2020 жыл;
«Үздік авторлық бағдарлама» ІІ дәрежелі диплом 2020 жыл;
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстанның құрметті педагогы» республикалық байқауы 2021 жыл;
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы 2021 жыл;
Мектеп директорының Алғыс хаты 2022 жыл;
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Л.Төрешова Алғыс маусым,2022 жыл;
Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Е.Қошановтың Алғыс хаты қараша, 2022 жыл;
«LESSON STUDY –мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» семинарында жұмыс көрсеткені үшін сертификат желтоқсан 2023 жыл;
«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» облыстық тәрбие мамандарының секция отырысында «Тәрбие және оқытудың тұтастығын қамтамасыз ету факторлары» жұмыс көрсеткені үшін сертификат 2023 жыл;
«Оқушыларды кәсіби бағдарлау жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары» аудандық семинарда жұмыс көрсеткені үшін сертификат ақпан 2024 жыл;
«DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа замануи білім беру» аудандық мектеп директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасарларының әдістемелік алаңында жұмыс көрсеткен 2024 жыл;
«Үздік сабақ жоспары-2024» Диплом 2024 жыл;
Құрмет грамотасы Өрлеу 2024 жыл
#Еңбеккүні
#Адалазамат
#Адалеңбек
ЕҢБЕК КҮНІ
Сүлейменова Гүлмира Сұлтанқызы
11.11.1966 жыл
Қызылорда облысының білім басқармасының
Жалағаш аудандық білім бөлімінің « №122 орта мектебі» КММ – сі
Қызметі: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Білімі: Жоғары, Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институт
Мамандығы: қазақ тілі пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 36 жыл
Санаты:
Педагог — сарапшы 2020 жыл;
1988 жылдан №122 орта мектепке қазақ тілі пәні мұғалімі;
2005-2019 жылдары бірлестік жетекшісі;
2022 жылы бейінді оқыту жөніндегі орынбасары;
2023 жылы оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Сүлейменова Гүлмира Сұлтанқызы- оқыту әдістемесін жоғарғы деңгейде меңгерген ұстаз. Ол- кәсіби біліктілігін арттырумен қатар-талай жетістіктерге жетіп, сайыстарда мектеп абыройын жоғары ұстап жүрген ұстаз.
Мұғалімнің негізгі мақсаты- оқушылардың шығармашылық қабілетін, өзіндік таным біліктілігін дамыта отырып,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
Сүлейменова Гүлмира сабақ жинақтарын, дидактикалық материалдарды, қолданбалы курс бағдарламаларын журнал беттеріне, сайттарға жариялап отырады.
«Абайдың асыл мұрасы» І республикалық қарасөз оқу сайысына оқушы дайындағаны үшін «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының Алғыс хаты (2018),
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты,
Республикалық «Qazaq Epas» ағарту жобасының Дипломы(2019),
Қызылорда облысы білім басқармасының облыстық оқу орталығының Алғыс хатымен (2019),
Аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаты(2019),
ІІ Республикалық «Абай» атындағы олимпиаданың І кезеңінде (аудандық) ІІІ орын- 10 сынып оқушысы Біләл Жаннұр (2020),
Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының І кезеңінде (аудандық) ІІ орын-10 сынып оқушысы Біләл Жаннұр(2020),
аудандық «Абай мұрасы-асыл қазына» атты эсселер байқауында 5-сынып оқушысы Кахарша Айбын І орын (2020),
«Аманат» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Алғыс хаты»(2017),
Жалағаш аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты (2018) ,
Қызылорда облыс әкімінің Алғыс хаты (2018),
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің төсбелгісі(2019)
#Еңбеккүні
#Адалазамат
#Адалеңбек
ЕҢБЕК КҮНІ
Бодыбаева Роза Кендірбайқызы
- 11. 1964 жыл
Қызылорда облысының білім басқармасының
Жалағаш аудандық білім бөлімінің « №122 орта мектебі» КММ – сі
Білімі: Жоғары, Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институт
Мамандығы: математика пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 36 жыл
Санаты:
Педагог — сарапшы 2021 жыл;
1988 жылдан №122 орта мектепке математика пәні мұғалімі;
2016-2019 жылдары бірлестік жетекшісі;
Мектептегі қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшесі.
Аудандық, облыстық кәсіподақ ұйымының, аудандық білім бөлімінің және облыстық білім басқармасының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын иеленген.
Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде 7 сынып оқушысы Г.Жолдасбай 2 орын;
«Математикалық лабиринт» олимпиадаларында 10 сынып оқушысы А.Нұртай 3 орынды иеленді.
Сонымен қатар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
#Еңбеккүні
#Адалазамат
#Адалеңбек
ЕҢБЕК КҮНІ
Жалгасова Марта Ермагамбаевна
- 03. 1967 жыл
Қызылорда облысының білім басқармасының
Жалағаш аудандық білім бөлімінің « №122 орта мектебі» КММ – сі
Білімі: Жоғары, Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институт
Мамандығы: орыс тілі пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 32 жыл
Санаты:
Педагог — зерттеуші 2020 жыл;
1992 жылдан №122 орта мектепте орыс тілі пәні мұғалімі;
1992- 2008 жыл аралығында «Оқушылар ұйымы» жетекшісі;
Мектептегі қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшесі.
Аудандық ғылыми жобалар байқауы және пәндік олимпиадаларда оқушылары жүлделі орындарды иеленді.
Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде орыс тілі пәні бойынша 9 сынып оқушысы А.Шамшат 1 орын иеленіп, облыстық кезеңге қатысты.
Сонымен қатар республикалық «Пушкин оқулары» байқауының аудандық кезеңінде 8 сынып оқушысы Шағадатқызы Шакизат 3 орын ;
Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай орыс тілі пәні бойынша шығармалар байқауында 8 сынып оқушысы Шағадатқызы Шакизат 2 орын;
Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде 5 сынып оқушысы Д.Кеңесбек 2 орынды иеленді.
Аудандық, облыстық кәсіподақ ұйымының, аудандық білім бөлімінің және облыстық білім басқармасының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын иеленген.
#Еңбеккүні
#Адалазамат
#Адалеңбек
МЕН.МЕКТЕП. ҰСТАЗ» ЭССЕ 🪅🪅
№122 орта мектептің 9_11 сынып оқушылары «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы эссе жазды.
Құттықтаймыз!
N122 орта мектеп бойынша «Мамандық әлемін ашамыз» аудандық форумында «Мамандықты таңдаймын» презентациялар (орыс тілі) байқауында Мамзада Назира 9 сынып оқушысы 3 орынмен, жетекшісі Қойшығұл Айдана, «Мен мамандықты таңдаймын» презенациялар (ағылшын тілі ) байқауында Тұрлыбай Саяжан 10 сынып оқушысы 3 орынмен, жетекшісі Илясова Гүлназия, «Менің кәсібім-менің бизнесім» бизнес жобалар байқауында 5 сынып оқушысы Болат Еркеназ 3 орынмен , жетекшісі Пралиева Айгүл марапатталды.
#122мектеп
#мамандықәлемі
Мамандықтар әлеміне саяхат
N122 орта мектепте «Мамандықтар әлеміне саяхат» онкүндігін 1-10 сыныптар аралығында бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Л.Шилдебаева жоспарға сәйкес өткізу жоспарланып, ұйымдастырылды. Онкүндік аясында «Мамандықтың бәрі жақсы» тәрбие сағаттары әртүрлі форматтарда 1-10 сыныптарда өткізуден басталды.
Онкүндіктің мақсаты- жеке тұлғаның әртүрлі мамандықтарға деген ықыластарын анықтау, оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру. «Мен өскенде кім боламын?» атты 1-4 сыныптар арасында сурет байқауы,
сонымен «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында 5-10 сыныптарда эсселер байқауы, «Мамандық таңдау- маңызды қадам» тренингін психолог Т.Бекбасарова өткізді.
#Кәсібибағдар
#Мамандықтаңдау
Білімді оқушы- заман талабы
N122 орта мектепте бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Л.Шилдебаеваның басшылығымен
«Алтын қақпа» интеллектуальды сайысы 9-10 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Сайыстың мақсаты- оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша меңгерген білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау, білімді, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту, олардың ойлау қабілетін дамыту.
Сайыс үш кезеңнен: «Білімді мыңды жығады» кезеңінде топтық тапсырма, «Білімді топ жетекші» бөлімінде топ жетекшісіне, » Ең мықты оқушы» бөлімінде топ ішінен оқушыға сұрақтар берілді.
Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды 10 сынып тобы, 2 орынды 9 сынып қыздар тобы, 3 орынды 9 сынып ер балалар тобы иеленіп, марапатталды.
Озық ойлы оқушыларымыз көп болсын!
#кәсібибағдар
#122мектеп
Мамандығым- мақтанышым
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Ж.Аймауытов
Мамандық таңдау- өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.
Хосе Хулиан Марти
N 122 орта мектепте «Мамандығым-мақтанышым» атты 9 сынып оқушыларымен болашақтың мамандықтары жайлы түсіндірме жұмысы өткізілді.
Кештің мақсаты- оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, мамандықтар тобы, жаңа мамандықтар жайлы айту, кәсіби бағдар беру.
Мектепте оқушының болашақтағы мамандықты таңдауда қателеспеуі үшін болашақта пайда болатын мамандықтар, жасанды интеллект саласындағы бизнес- менеджер, биотехник секілді мамандықтармен таныстырылды.
#Кәсіптікбағдар
#мамандық
«Мамандық- өмір таңдауы» атты I Түлектер форумы
N122 орта мектепте мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Л.Шилдебаева және педұйымдастырушы Н.Махамбеттің ұйымдастыруымен «Мамандық- өмір таңдауы» атты І Түлектері форумы өтті.
Форумның мақсаты- мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт- бағдар беру.
І Түлектер форумына А.Салықбай — магистр Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті 2 шетел тілі маманы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 2 шетел тілі мамандығымен магистратура бітірген, Н.Болатқызы- Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті «Арнайы педагог» мамандығы 3 курс студенті, Ж.Біләл- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Жерге орналастыру» мамандығы 3 курс студенті, Т.Жалғас — Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «2 шетел тілі» мамандығы 2 курс студенті, Б.Ахметова- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» факультеті 3 курс студенті, А.Төлеміс- Теміртау қаласында Қарағанды индустриалдық университеті «Фармацевтика» мамандығы 4 курс студенті, Д.Слам- Қорқыт ата атындағы университеті «Информатика» мамандығы 4 курс студенті, Ж.Кішкенбай — Қорқыт ата атындағы университеті «Тарих» мамандығы 4 курс студенті, А.Камедин- Астана қаласындағы -Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультеті 1 курс студенті, Д.Табынбай- Қызылорда Ашық университеті 1 курс студенті, М.Айдос- Республикалық спорт колледжі 2 курс студенті қатысты.
Форум бағдарламасы:
- «Сен де кірпіш дүниеге…» сұрақ-жауап кеші;
- «Мен таңдаған мамандық» ТЕД форматы;
- «Мамандықты сүю- құндылық» волейболдан достық кездесу.
Форумды «Болашақ» колледжінің » «Бастауыш сынып» мамандығы 3 курс студенті Д. Темірбек «Қазақстаным» әнімен ашты.
І Түлек форумын мектеп директоры Г.Нуратаева ашып, бүгінгі студент болашақ маман иелерінің белгілі тұлғаларға айналып, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосуына тілектестігін білдірді.
«Сен де бір кірпіш дүниеге…» сұрақ-жауап кешінде түлектер өздерінің мектептеріне келіп, достарымен, ұстаздарымен кездесіп, оқушылармен өздерінің Қазақстанның беделді ЖОО түсу тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап беріп, интерактивті ойындарға қатысты.
Форумның 2 бөлімінде «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында ТЕД форматында Қорқыт ата атындағы университетінің студенті Ж.Біләл мамандық игерумен қатар қоғамдық жұмысты атқару, Қорқыт ата университетінің студенті Ж.Томирис өз мамандығы бойынша қытай тілін үйренуге университет жолдамасымен Хубей педагогикалық университетінде дәріс алғандығы және қытай елі мәдениетін ерекше құрметпен жеткізді.
Форумның 3 бөлімінде «Мамандық сүю- құндылық» волейболдан достық кездесуді дене шынықтыру пәні мұғалімі Р.Шектибаев өтті.
Сайысқа қатысушылар мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.
Атақты ғұлама Әл-Фараби:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз- деген екен.
Мамандықты таңдауда өз қабілетің мен бейімділігіңе қарай кәсіп түрін таңдайық!
#Кәсібибағдар
#122мектеп
#Түлектерфорумы
[10:01, 10.12.2024] ЛАЙЛА Апай: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жаңа жобасындағы өзгерістер жайлы
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жаңа жобасы оқушыларға кәсіби бағдар беру бағытында жаңартулар енгізуде.
Соның ішінде әлеуметтік GPA — оқушылардың оқудан тыс әрекетке, қоғам өміріне қатысуы мен жетістіктерін, қосымша білім беру нәтижелерін бағалауға тоқталған.
Бұл бағалаудың тиімділігі академиялық үлгерімнен бөлек жүзеге асырылады.
Кәсіби бағдар берудегі жаңартуларды қолдаймын.
[10:01, 10.12.2024] ЛАЙЛА Апай: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кәсіби бағдар беру жайлы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кәсіби бағыт бағдар беру жұмыстары бойынша онлайн конференция өтті.
Конференцияға №122 орта мектептің 11 сынып оқушылары қатысты.
Конференцияда Түркі әлемінің Халықаралық университеті жайлы ақпарат берілді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті — Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан жоғары оқу орны.
Университет классикалық профильдегі университеттердің арасында ең алғашқысы, мұнда тұңғыш рет сонау 1992 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық мамандар даярлығы ашылған болатын.
Университет құрамында медициналық факультеті бар халықаралық «full university» жоғары оқу орындарының категориясына кіреді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат, интернатура, магистратура, резидентура және докторантура сияқты көп деңгейлі бағдарламалар жүйесі негізінде жоғары базалық білім беруді қамтамасыз етеді.
[10:01, 10.12.2024] ЛАЙЛА Апай: 2 шара: «Мектеп-ЖОО» әлеуметтік серіктестік жобасы
N122 орта мектепте «Мектеп-ЖОО» әлеуметтік серіктестік жобасы аясында 17.05. 2024 жылы «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен N53 Меморандумға қол қойылған болатын.
Әлеуметтік серіктестіктің негізгі мақсаты- кәсіби бағдар берудегі басты бағыт.
Осы әлеуметтік серіктестік жобасы аясында «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне» виртуалды саяхат жасалды.
#Әлеуметтіксеріктестік
#ҚорқытаАта
[10:01, 10.12.2024] ЛАЙЛА Апай: «Алтын түлек» математика олимпиадасы
N122 орта мектепте «Алтын түлек» математика пәнінен республикалық олимпиаданың өңірлік кезеңіне 10-11 сынып оқушылары қатысты.
Тапсырмалар ішінде тек тестілеу ғана емес, сонымен қатар логикалық тапсырмалар да бар.
Оқушыларға сәттілік!
#ҚорқытАта#Алтынтүлек