Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасар қызметіне конкурс жарияланады
Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш аудандық білім бөлімінің
«№ 122 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Лауазымы: Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш аудандық білім бөлімінің
«№ 122 орта мектебі»» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -1 (бірлік) орынға
Орналасқан жері (мекенжайы): Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылы Ә.Жүргенбаев №28
Байланыс телефоны: 8 (742)31 41325
Электрондық мекен-жайы :mektep_122@mail.ru
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш аудандық білім бөлімінің «№ 122 орта мектебі» КММ
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш аудандық білім бөлімінің мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде 27.08.2024ж. — 05.09.2024ж. жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Негізгі қызметтері: білім беру ұйымы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
- білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі 3 жыл жоғары педагогикалық білімі бар немесе мамандығына сәйкес жоғары кәсіби білімі бар;
- біліктілік санаты педагог эксперт,педагог-зертеуші, педагог-шебер болу керек;
- мемлекеттік және орыс тілін білу қажет;
- ақпараттық технология бойынша білімі болуы қажет.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының , Қазақстан Конституциясын Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, «Рухани жаңғыру», «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламаларын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
- Лауазымдық міндеттері:
тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
«Қоғамға қызмет ету», «Отанға тағзым», «Үлкендерге құрмет», «Анаға құрмет» қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде «өзін-өзі тану» пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
- Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы не «педагог – сарапшы» біліктілігінің болуы немесе «педагог – зерттеуші» немесе «педагог – шебер» біліктілігінің болуы.
Конкурс «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығы негізінде, «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №388 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушы кандидат келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Қызыорда облысы, Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылы «№122 орта мектебі» КММ директорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш береді (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- мемлекеттік тілдегі түйіндеме;
- өмірбаяны жазбаша түрде;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
- білімі туралы құжаттардың (диплом және қосымша) көшірме қағазын;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
- кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парағын (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген марапаттар мен тәртіптік жазалар туралы өндірістік мінездемесін;
- медициналық, психиатриялық қарсы айғақтары жоқ немесе наркологиялық есепте тұрмағандығын растайтын қағазын;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген медициналық анықтама қағазын;
- сотталмағандығы туралы анықтамасын;
- біліктілік санатын растайтын құжаты.
Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттардың көшірмелері нотариуспен немесе жұмыс орнынан кадрлық қызметпен куәландырылады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, Конкурсқа қатысу құжаттары үміткерден қабылданбайды.
Қосымша, үміткердің кәсіби қызметін растайтын құжаттарды (сілтемелер, анықтамалар, ұсынымдар, портфолио) ұсынуға рұқсат етіледі.
Әңгімелесуге жіберілген : Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш аудандық білім бөлімінің «№ 122 орта мектебі» КММ шақырылады.
Конкурс мына мекен жайы бойынша өтеді:
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылы Ә.Жүргенбаев №28
Байланыс телефоны: 8 (742)31 41325
Электрондық мекен-жайы :mektep_122@mail.ru
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш аудандық білім бөлімінің «№ 122 орта мектебі» КММ
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылады.
Ақпараттың дәлдігі үшін:
Мекенжай: Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылы көш:Ә.Жүргенбаев №28
Байланыс телефоны: 8 742 3141325
Электрондық мекенжай : mektep_122@mail.ru
Педагог ұйымдастырушы қызметіне конкурс жарияланады
Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш аудандық білім бөлімінің
«№ 122 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Лауазымы: Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш аудандық білім бөлімінің
«№ 122 орта мектебі»» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог ұйымдастырушы -1 (бірлік) орынға
Орналасқан жері (мекенжайы): Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылы Ә.Жүргенбаев №28
Байланыс телефоны: 8 (742)31 41325
Электрондық мекен-жайы :mektep_122@mail.ru
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш аудандық білім бөлімінің «№ 122 орта мектебі» КММ
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш аудандық білім бөлімінің мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде 27.08.2024ж. — 05.09.2024ж. жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Негізгі қызметтері: білім беру ұйымы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) педагог ұйымдастырушысы
Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
- білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі 3 жыл жоғары педагогикалық білімі бар немесе мамандығына сәйкес жоғары кәсіби білімі бар;
- біліктілік санаты педагог-модератор ,педагог-зертеуші, педагог-шебер болу керек;
- мемлекеттік және орыс тілін білу қажет;
- ақпараттық технология бойынша білімі болуы қажет.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының , Қазақстан Конституциясын Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, «Рухани жаңғыру», «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламаларын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасайды;
Таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
Клубтар, үйірмелер, секциялар, балалар бірлестіктерінің жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жеке жұмысты, дебаттарды, мектеп парламентін ұйымдастырады;
Ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және басқа бағыттардың бірін басқарады;
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес баланың қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің кештерін, мерекелерін, жорықтарын, экскурсияларын, каникулдық демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;
Балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
Педагогикалық этиканың нормалары;
Педагогика және психология, физиология, гигиена, тәрбие жұмысының әдістемесін, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;
Балалар ұжымдарын, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздерін, еңбек заңнамасы;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерін, санитариялық ережелер мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
Қазақ тілі мен орыс тілін еркін меңгеру қажет.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды конкурс жариялаған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде
электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы кандидат келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Қызыорда облысы, Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылы «№122 орта мектебі» КММ директорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш береді (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- мемлекеттік тілдегі түйіндеме;
- өмірбаяны жазбаша түрде;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
- білімі туралы құжаттардың (диплом және қосымша) көшірме қағазын;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
- кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парағын (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген марапаттар мен тәртіптік жазалар туралы өндірістік мінездемесін;
- медициналық, психиатриялық қарсы айғақтары жоқ немесе наркологиялық есепте тұрмағандығын растайтын қағазын;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген медициналық анықтама қағазын;
- сотталмағандығы туралы анықтамасын;
- біліктілік санатын растайтын құжаты.
Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттардың көшірмелері нотариуспен немесе жұмыс орнынан кадрлық қызметпен куәландырылады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, Конкурсқа қатысу құжаттары үміткерден қабылданбайды.
Қосымша, үміткердің кәсіби қызметін растайтын құжаттарды (сілтемелер, анықтамалар, ұсынымдар, портфолио) ұсынуға рұқсат етіледі.
Әңгімелесуге жіберілген : Қызылорда облысы білім басқармасының Жалағаш аудандық білім бөлімінің «№ 122 орта мектебі» КММ шақырылады.
Конкурс мына мекенжайы бойынша өтеді: